Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Қарағанды облысының құтқарушылары шалғай елді мекендердегі екі жүкті әйелді қалалық ауруханаға жеткізді

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 13:01

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат –Қарағанды облысындағы шалғай аудандарындағы ауыл тұрғындары қар құрсауынан шыға алмай, құтқарушылардың көмегін күтуге мәжбүр. ТЖД қызметкерлері жол талғамайтын көлікпен шалғай ауылдардан екі жүкті әйелді қалалық перзентханаға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 қаңтар күні таңғы сағат 10-да Ақтоғай ауданы, Жидебай ауылдық округі, Сабырбай қыстағынан толғақ қысқан әйелді жеткізу үшін құтқарушылардан көмек сұраған хабалама келіп жеткен. Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері фельдшермен бірге оқиға орнына шыққан. Жолдағы қар деңгейі тізеден жоғары болғанына қарамастан, құтқарушылар 110 шақырым қашықтықта орналасқан қыстақтан, жүкті әйелді «Трэкол» көлігімен уақытында ауруханаға жеткізген.

Осыған ұқсас жайт өткен аптада да орын алған.17 қаңтарда сағат 17: 52 - де ауа-райының бұзылуына және қардың қалың болуына байланысты жедел жәрдем көлігі Бұқар жырау ауданының Жаңа Өзен ауылына жете алмаған.

Шақырту орнына «Трекол» жол талғамайтын көлігімен құтқару бөлімшесінің кезекші бригадасы шықты. Жедел жәрдем дәрігерлерін жолда мінгізіп алып, құтқарушылар босанатын әйелдің мекенжайына дейін барған. Дәрігерлер тексергеннен кейін, ТЖД қызметкерлері жүкті әйелді машинаға мінгізіп, оларды жедел жәрдем машинасына дейін жеткізді.


Жоғары қарай