Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қарағанды облысының бір ауданында 400-ге жуық жұмыс орны ашылды

2020 жылдың 2 маусым 2020 15:38

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Осакаров ауданында Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 400-ге жуық жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы Осакаров ауданында екпінді түрде қарқын алуда. Жолдар мен мектептер жөнделеді, көшелер мен мәдениет және демалыс саябақтары абаттандырылады. ЖҚЖК бойынша 364 жұмыс орны ашылады. Барлығы 36 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ауданның тыныс-тіршілігімен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек танысып қайтты.




Осакаров ауданын дамытуға «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы да көмектесуде. Мысалы, кенттің 54 көшесінде жолдар жөнделеді. Ал Есіл округінде жаз соңына дейін су құбырын жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс.

- Бұл округте екі мыңға жуық адам тұрады. Халық ауыз су тапшылығына байланысты қиындықтарға тап болды, судың сапасына шағымданады. Жөндеу жұмыстарынан кейін тұрғындар үздіксіз сумен қамтамасыз етіледі, - дейді Осакаров ауданының әкімі Нүркен Қобжанов.




Осакаровта жол жөндеуден басқа, мәдениет және демалыс саябағын абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Мұндағы құрылыс жұмыстары Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде іске асырылуда.

- Біз төселген кесек тастарды ауыстырамыз, ғашықтар аллеясын, шағын футбол алаңын жасаймыз, жарықтандыру тірегін орнатамыз, - дейді құрылыс компаниясының директоры Наталья Кобзева.

Облыс әкімі жұмыс сапасына назар аудару керектігін атап айтты.

- Тұрғындар мұнда жайлы демалуы керек. Балалар алаңын жабдықтау мүмкіндігін де қарастырыңыздар, - деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ ол мердігерлер жұмыс кестесінен қалмай, жөндеуді жоспарланған мерзімде аяқтауы керектігін айтты.

Өңір басшысы жұмыс сапары барысында сонымен бірге Пионер балалар үйіне де барды.
Мұнда 88 тәрбиеленуші бар, оның сегізі мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына түсуге дайындалып жүр. Облыс әкімі балалармен әңгімелесті және оларға емтиханды сәтті тапсыруды тіледі.

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек ҰБТ тапсыру шарттарымен танысты. Ауданның тірек мектебінде 193 түлек үш кезеңде тестілеуден өтеді. Мұнда дезинфекциялық туннель, маска мен антисептик дайындалды. Кіреберісте міндетті түрде барлық түлектердің температурасы өлшенеді.

Осакаров ауданының білім бөлімінің басшысы Айнагүл Ақмағанбетованың айтуынша, барлық санитарлық нормалар сақталады.

















Жоғары қарай