Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Қарағанды облысының Білім басқармасы балалар мен ата-аналарға арналған байқау жариялады

2020 жылдың 10 сәуір 2020 11:45

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -Қарағанды облысы білім басқармасы 2020 жылғы 10-30 сәуір аралығында қашықтықтан өткізілетін «Отбасылық күндер» атты облыстық байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайысқа кім қатыса алады?
1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар және олардың ата-аналары (әжелер, аталар, тәтелер, ағалар, інілер, апа-сіңлілер).

Не істеу керек:
Ересек пен баланың ортақ шығармашылық іспен айналысу сәттегі 1 -2 минутқа дейінгі бейнероликті түсіріп, Instagram-да @karagandyoblysybilimbaskarmasy @saryarkadaryny.kz парақшаларын белгілей отыра, номинацияның атауы, баланың аты-жөні, қаласы көрсетілген бейне сипаттама жасау қажет.

Қандай номинациялар қарастырылған?
1. «Отбасылық құндылықтар». Мұнда барлық отбасы мүшелерінің немесе оның көп бөлігінің қатысуымен отбасы өмірінің кез келген сәттерін көрсетуге болады. Балаға қандай дәстүрлер үйретіледі? Олар нені көздейді? Отбасылық дәстүр қандай қасиеттерге үйретеді?

2. «Біздің қамал». Бала мен ата-ана қолда бар құралдар мен материалдардан қамал салады. Бала өз әсерлерімен бөліседі, оған құрылыс процесінде не ұнағаны және ол өз бекінісін не үшін салғаны туралы айтады.

3. «Кішкентай дәрігер». Бала дәрігер ретінде, ал ата-аналар пациенттердің рөлін атқарады немесе керісінше. Баланың қиялына ерік беріңіз және сіз бір минут ішінде «ойыншық» шаншумен емделіп, «өз кішкентай дәрігеріңіздің»сенімді қолында бола алатындығыңызды көресіз.

4. «Кішкентай аспаз». Ана немесе әке баланы әртүрлі тағамдарды дайындауға тарта алады. Бұл қызықты сабақты баламен бейнеге түсіріңіз. Әрине, нағыз аспаздық шедевр жасау үшін талант пен білімге ие болу керек! Ал бұл туралы дайындау барысында айтуға болады.

5. «Кішкентай стилист». Бұл бағытта бала өзін сәнді стилист ретінде сезінуі керек. Оған сәнді образ жасауға көмектесіңіз. Шығармашылық нәтижелерін бейнематериалда көрсете біліңіз.

6. «Қалдықтан кіріске». Ересектер мен балалар кез-келген нәрседен, тіпті қалдықтардан бірегей заттар жасай алады. Балалармен ғажайып заттар жасаңыз. Нәтижелер таң қалдырады деп ойлаймыз.

7. «Спорттық отбасы». Өз балаңызбен спортпен шұғылдануды бейнеге түсіріңіз. Ол салауатты өмір салты деген нені білдіретінін айтып, көрсетсін.


8. «Менің отбасым – менің байлығым». Бұл номинацияда әрбір қатысушы отбасы мұрағатынан қызықты фотосын көрсетіп, отбасы ұрпақтарының сабақтастығы туралы айтып беруі тиіс.

Бейне талаптары қандай?
- бейне сапасы жақсы, бөгде дыбыссыз және оң әсерлі болу қажет; - - жазу барысында бейне субтитрлермен немесе дыбыстық сүйемелдеумен толтырылу қажет;
- қосымша дыбыс және басқа әсерлер құпталады.

Бағалау критерийлері:

- мазмұндылығы;
- креативтілік;
- отбасылық құндылықтарды көрсету.

Шарты:

қатысушылар өз Инстаграм парақшаларында #отбасылықкүндер #бізүйдеміз хештегтерін қойып видео жариялау керек.

Байқаудың қорытындысы онлайн режимде ашық дауыс жинау арқылы өтеді.

Жеңімпаздар дипломдар мен сыйлық сертификаттарын алады.



Басты сөздер: Білім, Қарағанды облысы,
Жоғары қарай