Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысының автожолдарында 60-тан астам адам құтқарылды

2021 жылдың 25 ақпан 2021 19:53

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы автожолдарда барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелген. Алайда соған қарамастан алыс жолға шыққандар бар. Өңірдің ТЖД, полиция және әскери қызметшілері жолда қалып қойған 60-тан астам адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кептелісте тұрған автомобильдерден автожолдарды жабу орындарында ТЖ департаментінің, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі, Апаттар медициналық орталығы және полицияның күшімен адамдарды эвакуациялау және оларды елді мекендер мен жылыту бекеттеріне жеткізу жүргізілуде.

Облыс бойынша барлығы 63 адам құтқарылып, эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала бар.

Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері тұрғындарға келесідей ескерту жасайды:

- елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыздар!




- автожолдарда жабылу орындарында көлік құралдарының жиналуына жол бермеңіздер!

- мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы кафелерге тоқтап, ауа-райының жақсаруын күтіңіздер!

- әсіресе түнде және ауа-райы нашарлаған кезде алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартыңыздар!

- ауа-райының өзгеруіне сәйкес киініңіздер.

Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 8(7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласуға болады.

ТЖД жедел штабының жедел желі телефоны 51-72-23.


Жоғары қарай