Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар қосымша қаржыландырылады

2021 жылдың 26 тамыз 2021 18:26

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар қосымша қаржыландырылды. Бұл олардың іске асырылуын жеделдетуге мүмкіндік береді. Облыстық бюджетке өзгерістерді депутаттар онлайн режимінде өткен кезектен тыс VI сессияда бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаржы басқармасының басшысы Людмила Башарина мәлім еткендей, қазына салық алымдары есебінен толықты. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнем пайда болды. Тағы бір дерек көзі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бюджеттік несиелерін өтеу.

Қаражаттың бір бөлігі жолдарды жөндеуге және өңірлердегі жылумен жабдықтауды жақсартуға және газдандыруға қатысты жобаны жалғастыруға жұмсалады. Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша да қосымша қаржы қарастырылады. Олардың арасында Жезқазған қаласының Кеңгір ауылында мектеп салу, Сәтбаев қаласындағы «Юность» стадионын қайта құру жоспары бар.

Сұранысқа ие мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғаяды.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша қосымша транш бөлінді.

«Барлық бағыттар маңызды. Бұл пандемиямен күрес. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту. Біз бірқатар жобаларды жеделдеткіміз келеді. Жеті айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып отыр. Мысалы, негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,7%-ға өсті. Жоспар бойынша барлық ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Құрылыс белсенді жүріп жатыр. Тұрғын үй құрылысының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға өсті.

Жыл соңына дейін шамамен 700 мың шаршы метр тапсыруды жоспарлап отырмыз. Бұл өткен жылғы нәтиженің төрттен бір бөлігіне артық», - деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Сессияда сондай-ақ МЖӘ жобаларының толықтырылған тізімі бекітілді.

Кәсіпкерлер Қарағанды мен Теміртауда екі жаңа емхана салуды көздеп отыр.

Жобалардың бірі мектеп асханаларының жұмысын жаңғыртуға қатысты.





Жоғары қарай