Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында жолға шықпаған автобустар мәселесі шешілді

2021 жылдың 28 қазан 2021 14:38

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және тасымалдаушы компанияның басшылығымен келіссөз барысында №3 автопарк өз жұмысын қайта бастайтын болды. Автобустар жолға шыға бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең №3 автопарк жеті бағыт бойынша облысішілік тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарды желіге шығармаған .

Олар: Қарағанды – Теміртау, Қарағанды – Саран, Қарағанды – Абай, Қарағанды – Шахтинск, Қарағанды – Шахан, Қарағанды – Топар, Қарағанды – Егіндібұлақ бағыттарындағы жолаушы тасымалдайтын автобустар.

«Орын алған жағдайдың себебін автопарк пайдалану шығындары бойынша өз шығындарын жабуға қосымша қаржы сұрайтынымен түсіндірді. Бұған ЖЖМ, амортизация, жалақы және басқа да ілеспе шығындар кіреді. Биыл автопарктерге жолаушы тасымалдау маршруттарына 950 млн теңге бөлінді. Тасымалдаушылардың айтуынша, олардың қажеттілігі 4 млрд теңгені құрайды, тек №3 автопаркке ғана 2,5 млрд теңге қажет», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Қазбек Мақышев.

Басқарма өкілдері сондай-ақ автопарктердің қызметін субсидиялауды жалғастыру үшін үнемдеу есебінен қаражат табылғанын хабарлады.

Субсидияны ұлғайту мәселесі келесі жылы қаралады.


Жоғары қарай