Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бірлесіп шешілмек

2021 жылдың 27 тамыз 2021 22:33

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жергілікті қамтуды дамыту – бұл Қарағанды облысы басшылығының тұрақты бақылауындағы мәселе, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек «Қазақмыс» Корпорациясы мен шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен онлайн-кеңес өткізді. Сатып алу жағдайы мен іс жүзінде бар проблемалар талқыланды.

«Тауар өндірушілерді қолдау және жергілікті қамтуды дамыту мақсатында 2021 жылдың басында облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Компания бір жыл ішінде жергілікті кәсіпорындарды 20,7 млрд теңге сомаға тапсырыспен қамтамасыз етуге міндеттеме алды. Бірінші жартыжылдықта 11,4 млрд теңгеге келісімшарттар

жасалды», - деп хабарлады өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Қыдырғанбеков.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Қазақмыс» сатып алуының жалпы сомасы тауарлар бойынша 111 млрд теңгені құрады. Отандық қамтудың үлесі – 51,2%.

Талдау белгілі бір тауарлар бойынша импортты алмастыру мүмкіндігі және қарағандылық кәсіпорындарды жүктеу үшін өсу резервтері бар екенін көрсетті.

Жергілікті өндірушілерді қолдауға дайын екендіктерін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сауда үйінің директоры Әнуар Сақаев мәлімдеді.

«Корпорация еліміздің жер қойнауын пайдалану туралы Заңына сәйкес барлық міндеттемелерді орындайды. Әкімдікпен меморандумға қол қойдық және жергілікті тауар өндірушілермен жұмысты күшейтуге ниеттіміз», - деп сендірді ол.

Онлайн-кездесуде өнеркәсіпшілер металлургияда сұранысқа ие болуы мүмкін өнімдерді өндіру бойынша өздерінің бірқатар жобаларын ұсынды.




Биліктің ұстанымы өзгеріссіз қалады: аймақта жұмыс жасасаңыз – жергілікті тауарларды сатып аласыз.

«Корпорация жыл соңына дейін Қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуы қажет. Біз үшін бұл өте маңызды, әсіресе пандемия кезінде. Біз халықты жұмыспен қамтуымыз керек. Егер сапасы мен бағасы бойынша сәйкес келетін ұқсас отандық тауар болса, шетелдік өнім алу тиімсіз. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында қарағандылық патриотизм болуы тиіс», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.


Жоғары қарай