Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында жабық базарлар жексенбіде жұмысын тоқтатады

2020 жылдың 24 қазан 2020 17:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында карантиндік шектеу шараларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 қазандағы №39-қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Оған сәйкес, жексенбі және мереке күндері:

- алаңы 2000 және одан артық шаршы метрді құрайтын сауда нысандарының, сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылады. Алайда, бұл нысандарда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалар жұмысын жалғастырады.

- азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысы тоқтатылады.

Ал сенбі күндері: сауда үйлерінің, сауда, ойын-сауық орталықтарының (оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін және дәріханаларды қоспағанда) жұмысына толымдығы 30 пайыз, сондай-ақ бір келушіге 4 шаршы метр аумақ талабын сақтаған жағдайда, сағат 17:00-ге дейін рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, азық-түліктік әрі азық-түліктік емес жабық базарлар сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл ретте, нысан толымдығын 30 пайыздан асырмау, 1 келушіге 4 шаршы метр аумақ талабы сақталуы қажет.

Құжаттың толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыздар.



Жоғары қарай