Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында вакцина алған зейнеткерлер ақшалай сертификат алуда

2021 жылдың 13 маусым 2021 07:29

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының кәсіпкерлері мен қоғамдық қорлары «Коронавирусты бірге жеңеміз!» атты акцияны бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балқаштың вакцина алған зейнеткерлеріне және Ұлытау ауданының тұрғындарына ақшалай сертификаттар беріледі. Ол сертификаттарға азық-түлік сатып алуға немесе коммуналдық қызметтерді төлеуге болады.

Балқашта акцияның бастамашылары жергілікті кәсіпкерлер болды. Олар ақшалай қаражат бөліп, азық-түлік дүкендер желісімен, сондай-ақ зейнеткерлердің сертификаттарын қабылдайтын қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен келісті.







«Сертификаттар вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін бірден егу пунктерінде беріледі. Олар жалғызбасты зейнеткерлерге және ең төменгі зейнетақысы бар адамдарға арналған. Сондай-ақ, оларды «қант диабеті» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған қарт адамдар алады. Біз тәуекел тобына жататын егде жастағы адамдарды вакциналауға ынталандыру үшін осындай акцияны бастадық», – деп атап өтті Балқаш қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінен.

Ұлытау ауданында «Арша Фаранд» қоғамдық қорының қолға лауымен вакциналанған азаматтарға ақшалай сертификаттар беру басталды. 5 мың теңге сомасындағы сертификаттар 65 жастан асқан вакциналанған аудан тұрғындарына және көпбалалы отбасыларға беріледі.











Жоғары қарай