Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Қарағанды облысында су басып кеткен жолдағы көлік қозғалысы қалпына келтірілді

2019 жылдың 3 наурыз 2019 21:50

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында су басып кеткен жолдағы көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарқаралы ауданында Нұрмақов селолық округінде Егіндібұлақ- Ақтасты жергілікті маңызы бар жолды су басты.




Бұлақ суының деңгейі көтеріліп, судың жолды басып қалғандығы анықталды. Бұлақтың арнасы мұздан тазаланып, арнасы кеңейтілді. Жолдың астынан су өтетін құбырлар аршылды, жол үстінде қатып қалған мұз қабаты тазаланды», - делінген хабарламада.


Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір бұлақ суы өз арнасына түсті, су жол астымен ағып өтуде. Жақын маңдағы елдімекенге қауіп төніп тұрған жоқ.







Жоғары қарай