Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында пандемияға қарамастан, экспорттық әлеуеті мол инвестициялық жобалар іске асырылуда – Президент

2020 жылдың 23 қараша 2020 21:51

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Пандемияға қарамастан, Қарағанды облысында экспорттық әлеуеті мол инвестициялық жобалар, жаңа өндіріс орындары жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарағанды облысына жұмыс сапарым барысында «Сарыарқа» АЭА мен «YDD CORPORATION» ЖШС ферроқорытпа зауыты секілді бірқатар нысанды аралап көрдім. Пандемияға қарамастан өңірде экспорттық әлеуеті мол инвестициялық жобалар, жаңа өндіріс орындары жүзеге асырылып жатыр», - деді Мемлекет басшысы.




Сондай-ақ Қ.Тоқаев Қарағандыдағы үлкен тенниспен және үстел теннисімен айналысатын жаңа орталықтардың жұмысымен танысты. «Бұл нысандардың кәсіби спортшыларға ғана емес, қарапайым халыққа, әсіресе жастарға арналғаны қуантады. Бұқаралық спорт – қазақстандықтардың денсаулығын нығайтудың кепілі», - деді Қазақстан Президенті.







Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қара металлургияның көшбасшысы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына барды. «Осы Қазақстан Магниткасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев еңбек жолын бастаған. Металлургтар өз кәсіпорны мен еліміздің болашағына зор сеніммен қарайды», - деп жазды Мемлекет басшысы.




Еске салайық, бүгін ҚР Президенті жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Алдымен Қ.Тоқаев жаңадан салынған 1200 орындық мектеп-гимназияны аралап көрді. Кейін бірқатар спорт нысанына бас сұқты, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму перспективасымен танысты, «YDD CORPORATION» ЖШС-нің ферроқорытпа зауытында болды. Ал «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатында мырышпен және алюминиймен қаптау цехының жұмысымен танысты.







Жоғары қарай