Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында карантин жеңілдетілді

2021 жылдың 27 тамыз 2021 20:09

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 28 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандарына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етілді. Қатаң шектеулерді алып тастау аурудың төмендеуінің арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында тікелей эфирде қарағандылықтарды жаңа қаулымен таныстырды.

Барлық білім беру ұйымдарында оқу жылы штаттық режимде басталады. Бұл ретте педагогтар мен қызметкерлер 100% вакцинациялануы тиіс, тек медициналық қарсы көрсетілімі бар азаматтарды қоспағанда.

Жаппай мектеп іс-шараларын өткізуге тыйым салу қалады.

COVID-19-ға қарсы вакцинациясы бар студенттерді жатақханаға орналастыруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, вакцинацияланған шетелдік студенттер күндізгі оқуға кірісе алады.

Барлық білім беру мекемелеріне, жатақханаларға, интернаттарға Ashyq арқылы ғана кіруге болады. Ата-аналар мектеп ғимаратына кірмейді. Олар баланы оқу орнының есігіне дейін шығарып сала алады.

28 тамыздан бастап нысандарға келесідей әрекеттерге рұқсат етіледі:

- Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандарының демалыс күндері (сенбі және жексенбі) жұмыс істеуі. Олар 00:00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары - 02:00-ге дейін жұмыс істей алады. Негізгі шарт - қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» мәртебе болуы тиіс. «Жасыл» мәртебенің болуын талап ететін шарт облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, қонақ үйлерге, мейманханаларға, әуежайларға, вокзалдарға, білім беру ұйымдарына, ЖОО-дарға, колледждерге, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды.

- сенбі күні қалаішілік қоғамдық көлік қозғалысы.

30 тамыздан бастап Ashyq қатысушыларына жұмыс күндері сағат 00:00-ге дейін, Ashyq көшбасшыларына 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, «Ashyq»-қа қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуге құқығы жоқ.

Нысандар келесідей шарттармен жұмыс істейді:

- мейрамхана, дәмхана және кофеханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану нысандары (үй-жайда) 50%-ға дейін, 50 орыннан аспай толтырылып;

– алкогольдік ішімдіктерді сатпай асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтандыру нысандары (үй-жайда) - тәулік бойы;

- фуд-корттар толымдылығы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспай;

- мейрамханалардың, дәмханалардың типі бойынша көпшілік іс-шараларды өткізбей, еске алу және келушілерге қызмет көрсетуге арналған банкет залдары;

- мәдениет нысандары 30 адамға дейінгі (дайындық), сондай-ақ екі компонент вакцина алған тұлғалар;

- театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, бильярд бөлмелері, боулингтер, цирктер толымдылығы 30%-дан аспаған жағдайда;

- PlayStation қоса алғанда, компьютерлік клубтар 30%-дан аспайды. (тек 12 және одан жоғары жастағы адамдар ғана жіберіледі);

- көрермендері 20%-дан аспай толтырылған спорттық іс-шаралар;

- сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін, косметикалық және косметологиялық қызметтерді тек алдын ала жазылу бойынша көрсету салондары;

- спорт кешендері, 30 адамға дейінгі спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар), сондай-ақ екі компонент вакцина алған тұлғалар.


Жоғары қарай