Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында қандай сынып оқушылары тегін тамақтана алады

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 13:59

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мектеп асханалары биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бастауыш сынып оқушылары үшін тегін болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов көп балалы аналармен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бірінші және екінші сынып оқушылары тегін түскі ас ала алады. 2021 жылы үшінші сынып оқушыларын тегін тамақтандыра бастайды, 2022 жылы оларға төртінші сынып оқушылары қосылады. Отбасының материалдық жағдайына қарамастан барлық балалар тегін тамақ алады.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары бұл туралы өңірдегі көпбалалы аналармен кездесу барысында айтты. Ол сондай-ақ оларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесіндегі жаңалықтарды түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

«Мұндай кездесулер сындарлы диалог құру үшін өте маңызды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мұны барынша жақсы көрсетеді. Кездесулерде айтылған барлық сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізді жергілікті деңгейде шешу мүмкін болмаса, біз оны қорытып, Үкіметке жіберетін боламыз. Мысалы, өткен кездесу кезінде көпбалалы ананың бірі алған тұрғын үй сертификатын оған табыс ретінде есептейтінін және соның салдарынан ол АӘК ала алмайтынын айтты. Біз бұл мәселені министрлікке жібердік, ұсыныстар енгіздік. Министрлік оларды қолдап, көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізу туралы жобаны іске қосты. Жақында бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын», - деді Абзал Нүкенов.

Ол жыл басынан бері аз қамтылған отбасылардың балалары мемлекеттік әлеуметтік пакетті алатын болады деп атап өтті. Оған жеке гигиена құралдары кіреді: сабын, балалар кремі, тіс пастасы, щетка, сусабын және кір жуатын ұнтақ. Бұл пакет тоқсан сайын беріледі. Азық-түлік жиынтығына пастерленген сүт, макарон, сұлы үлпектері, күнбағыс майы, таңғы асқа арналған жүгері жастықшалары, балалар печеньесі, жармалар, бал және гематоген кіреді. Бұл жиынтықты мұқтаж отбасылар ай сайын алынады.

Бұдан басқа, барлық көп балалы отбасыларға материалдық жағдайына қарамастан, ай сайын сараланған жәрдемақы беріледі, оның мөлшері балалардың санына байланысты өзгереді. Биыл Қарағанды облысында оны 13 307 отбасы алды.

Атаулы әлеуметтік көмек алу жүйесінің өзі өзгерген жоқ. Оны бұрынғысынша отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен болып есептеледі. Биыл бұл сома 20 199 теңгені құрайды. Өзгерістер енді АӘК барлық еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істейтін немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған отбасыларға ғана төлейтін болады. Сонымен қатар, отбасының материалдық жағдайын анықтайтын комиссияның жұмыс мерзімі өзгерді – бұрын ол 3 күн жұмыс істеді. Қазір 7 күнге ұзартылды.

Көп балалы аналардың мәселелері несиені есептен шығаруға және кіріс есептеу ережелеріне қатысты болды. Сондай-ақ, олар ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған дәрі-дәрмектерді мемлекеттік әлеуметтік пакетке қосу туралы өтініш білдірді.


Жоғары қарай