Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында халық санағы қалай жүргізіледі

2021 жылдың 23 тамыз 2021 16:03

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 1 қыркүйектен бастап Ұлттық халық санағының негізгі кезеңі басталады. Онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте бүкіл ел үшін маңызды іс-шараға дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Санақтың дайындық кезеңі 31 маусымда аяқталды. Статистика департаментінің интервьюерлері барлық үйлерді аралап шықты. Олар облыста тұратындардың нақты санын нақтылады. Алдын ала мәліметтер бойынша, халық саны 1 млн 343 мың 598 адамды құрайды.

«Тізімге кірген барлық 565 мың санақ нысандарының мекен-жайы нақтыланды. Бұл ретте мекенжай тіркелімі деректер қорында есепте тұрған және санақтың негізгі кезеңі үшін нысандар қатарына кірмеуі тиіс істен шыққан 19 мың үй-жай (пәтер) анықталды. Қазір санақтың негізгі кезеңі үшін аудандастыру жүріп жатыр. Жұмыстарды аяқтау 25 тамызға жоспарланған», - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Жанат Садықова.




Онлайн-режимдегі халық санағы бір жарым айды құрайды – 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін. Қарағандылықтар сауалнама парақтарын үйден немесе мобильді интернеттен онлайн толтыра алады, немесе «Азаматтарға арналған үкімет» фронт-кеңсесіне баруға болады.

Үйді аралау 1-30 қазан аралығында өтеді.

Санақ жүргізу үшін 1890 адамды уақытша жұмысқа тарту жоспарлануда. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша, жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған 1289 жұмыссыз тартылады.

«Біз халық санағының маңыздылығы мен өзектілігін түсінуіміз керек. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы елдегі экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді. Бұл ауқымды акция аса маңызды талдамалық деректерді, оның ішінде халықтың нақты санын, жас және гендерлік құрамын, урбандалу дәрежесін және өңірді дамыту үшін негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті басқа да мәліметтерді алуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.


Жоғары қарай