Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында ат спорты түрлерінен чемпионат өтті

2021 жылдың 26 қазан 2021 21:50

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ат спорты түрлерінен жасөспірімдер арасында чемпионат және ат жарысынан ересектер арасында ашық турнир өтті. Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чемпионатты Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және ұлттық және ат спорты түрлері федерациясы ұйымдастырды. Оған өңірдің алты ауданынан 15-17 жастағы жасөспірімдер қатысты.

«Чемпионатқа 2004–2006 жылы туған 70-ке жуық бала қатысты. Олар көкпар тартудан жарысты. Шет ауданы жеңіске жетті. Екінші орынды – Жаңаарқа, үшінші орынды Қарқаралы ауданы иеленді. Олар сәйкесінше 300, 150 және 70 мың теңге сыйақы алды. Жеңімпаздар 3-10 қарашада өтетін Алматы облысындағы ел чемпионатында біздің облыстың намысын қорғайды», – деді Қарағанды облысының ұлттық және ат спорты түрлері федерациясының басшысы Нұржан Шайхин.

Көкпардан ересектер арасындағы ашық турнирде қарағандылық «Бәйтерек» командасы үздік деп танылды. Екінші және үшінші орындарды Бұқар Жырау ауданы мен Ақмола облысының «Бабай» және «Аршалы» командалары иеленді.

Ересектер арасында ат жарысы бойынша: құнан-бәйге (12 шақырым), аламан-бәйге (20 шақырым) ұйымдастырылды.

Жарыстың ең қиын кезеңі – аламан бәйгеде бірінші орынды Айса ауылының Мәскеу атты тұлпары жеңіп алды. Құнан-бәйгеде Қызылжар ауылынан Қаражал атты сәйгүлік көш бастады. Бас жүлдеге автомобильдер тігілді.








Жоғары қарай