Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында 7 мың тұрғын зейнетақы жинағын үй сатып алуға пайдаланады

2021 жылдың 22 ақпан 2021 23:34

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 7 172 тұрғын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға шешім қабылдады. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының м.а. Абзал Жайлыбаев облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте тұрғын үй құрылысын арттыру және жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқанын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде облыс тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бірнеше мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Олардың ішінде өз пәтерін сатып алуға немесе қолда бар пәтерді кеңейтуге жеңілдікті қарыздар бар. Кейіннен сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға берілетін тұрғын үй ұсынылады.

Сондай-ақ, ауылда тұрғын үй салу кезінде шығындардың 50%-ын субсидиялау жоспарланған. Өткен жылдан бастап «Отбасы банкі» «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағытын іске асыруда. «Шаңырақ» жобасы (5-10-20) кезекте тұрғандарға жеңілдетілген ипотека алуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде 260 өтінім берілді, 41 өтінім мақұлданды.

Биыл облыста 662 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, бұл 2,9 мың кезекте тұрғандарды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны жыл сайын өсіп келеді. Бүгінде бұл облыстың 36 233 тұрғыны. Биыл кезекте тұрған 2,9 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда», - деді Абзал Жайлыбаев.

Енді тұрғын үй кезегінде тұрғандар туралы барлық деректер бір жерге біріктіріледі. «Отбасы банкі» базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай орталық құрылады. Мұнда кезекте тұрғандар бойынша барлық деректер енгізіледі және тұрғын үй кезекке қойылған күні бойынша бөлінетін болады.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімінің ерекше бақылауында.

«Қалалар мен аудандардың әкімдеріне өңір тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламалары уақтылы және сапалы іске асырылуы тиіс. Халықты мемлекеттік бағдарламалар туралы әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы хабардар етуді қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, құрылыс индустриясын дамыту керек. Бұл ретте өңірлік құрылыс материалдарын сатып алуға және қолдануға назар аудару маңызды», - деп тапсырды Жеңіс Қасымбек.

Жоғары қарай