Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағанды облысында 363 түлек «Алтын белгіге» үміткер

2022 жылдың 13 мамыр 2022 02:57

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында биыл 11 сыныпты 8 789 оқушы бітіреді. Өңірде 206 мыңнан астам бала білім алуда. Биыл «Алтын белгі» алуға үміткерлер саны – 363, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың бас педагогы Гүлсім Қожахметова түлектердің 401-і, 9-сынып бітіретіндердің 1 365-і үздік аттестат адам алуы тиіс екенін айтты.

«28 мамыр-6 маусым аралығында 9 сынып оқушылары, 27 мамыр-10 маусым аралығында 11 сынып оқушылары қорытынды аттестаттаудан өтеді. 9 сынып оқушылары төрт жазбаша емтихан тапсырады: қазақ/орыс тілдерінен эссе, математика, қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті және дербес пән бойынша таңдау», – деп атап өтті Гүлсім Қожахметова.

11-сынып білім алушылары бес емтихан тапсырады: алгебра және талдау бастаулары, қазақ/орыс тілдері, қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті, таңдау пәні және Қазақстан тарихы бойынша билеттегі сұрақтарға ауызша жауап береді.

Қортынды емтихандарға арналған материалдар 25 мамырға дейін барлық білім бөлімдеріне жеткізіледі. Аттестаттау барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектеп базасында жүргізіледі.

Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын 25 мамырда дәстүрлі форматта ұйымдастырылады.

«Облыс мектептерінің түлектеріне білім туралы аттестаттар тапсыру 16-17 маусым аралығында өтеді. Бітіру кештерін білім беру ұйымдарының күшімен өткізу қажет», – деп қосты спикер.

Түлектерге және олардың ата-аналарына мерекелік отырыстардан және жалға алынған көліктермен экскурсиядан бас тарту ұсынылды. Іс-шараларды өткізуге аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, жеке студияларды тартуға тыйым салынады.


Жоғары қарай