Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қарағанды облысында 2 500 жобаға қолдау көрсетіледі

2020 жылдың 7 шілде 2020 20:26

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Сарыарқа» телеарнасының тікелей эфирінде пандемия кезінде бизнесті қолдау туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы қиын кезеңде бизнесті қолдау бойынша көптеген сұрақтар туындауда. Пандемия нарықтан резервтері жоқ шағын кәсіпорындардың кетуі, өндірістік байланыстардың үзілуі және жұмыссыздықтың өсу қаупін тудырды.

«Сондықтан біздің басты міндетіміз - жағдайды тұрақтандыру және дағдарыстан тезірек шығуға бағытталған барлық шараларды қабылдау», - деді облыс әкімі.

Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалар арқылы 31,4 млрд теңге инвестиция сомасына 830 бизнес-жобаға қолдау көрсетілді. Жалпы, биыл 8 мыңға жуық жұмыс орнын аша отырып, 2 500 жобаға қолдау көрсету жоспарлануда.

Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде бизнес-үдерістерді тұрақтандыру үшін Қарағанды облысының 30 мыңнан астам субъектісі салықтар, екінші деңгейлі банктердің несиелері, жалдау ақысы және коммуналдық өтемақы бойынша төлемдер кейінге қалдырылды.

Жұмыспен қамту жол картасы аясында биыл 16 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл мақсатқа 63,7 млрд теңге қарастырылған. Бүгінгі күні облыс кәсіпкерлерімен 620 шарт жасалды және іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларда 10,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 5,2 мыңы жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша.


Жоғары қарай