Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қарағанды облысынан елордадағы жәрмеңкеге 600 тоннадан астам өнім әкелінеді

2019 жылдың 2 қазан 2019 18:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5-6 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жермеңке аясында «Бауырсақ және қымыз» фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Атап айтқанда, алдағы демалыста «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге өңірдің 9 ауданы мен 4 қаласынан 80 шаруа қожалығы мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелерінде барлығы 600 тоннадан астам өнім сатылады. Оның ішінде: 100 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 360 мың дана жұмыртқа, 5 тонна балық және 16 тоннадан астам басқа да өнімдер әкелінеді.

Сонымен қоса, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу аясында «Бауырсақ және қымыз» фестивальдері ұйымдастырылып, келушілер назарына өңірдің шығармашылық ұжымдарымен концерттік бағдарлама ұсынылады.
Жоғары қарай