Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Қарағанды облыстық спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2020 жылдың 13 қаңтар 2020 14:10

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына Темірхан Абылаев басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Темірхан Серікбайұлы Абылаев 1973 жылы Ұлытау ауданында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар. 1997 жылы Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Ұлытау ауданы Шеңбер совхозының №3 фермасында шопан көмекшісі, содан кейін аға шопан болып бастаған.

1997 жылы Ұлытау ауданының №2 Қорғасын орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болды. 1998 жылы «Анненск» кенішінде бұрғылаушы болып жұмыс істеді. 1999 жылы №13 Жезқазған орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

2000 жылдан 2008 жылға дейін Жезқазған қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдодан жаттықтырушы-оқытушы болған. 2008 жылы мектеп директоры қызметін атқарды.

2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін Жезқазған олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің басшысы қызметін атқарды.

2015 жылдан қазіргі күнге дейін облыстық кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебін басқарды.


Жоғары қарай