Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды музыкалық комедия театры тұрғындарды жаңа маусымның ашылуына шақырды

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 03:00

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының жаңа маусымының ашылуы 16 қыркүйек сағат 18:30-да Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні көрермендер ұзақ үзілістен кейін әлемдік классика жауһары – Имре Кальманның «Сильва» опереттасын тамашалай алады.

«Спектакльді 2005 жылы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Санкт-Петербургтен келген режиссер Юрий Александров қойды. Қоюшы балетмейстер - Марина Лепилина, Сценография және костюмдер бойынша РФ еңбек сіңірген суретшісі Вячеслав Окунев жұмыс істеді», – делінген хабарламада.

Опереттада театрдың жетекші солистері Елена Филинкова, Денис Кудряшов және Александр Бойко, сондай-ақ хор мен балет әртістері жұмыс істейді. Спектакль симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен, бас дирижер Рафаэль Хамзин жетекшілік етуімен өтеді.





Жоғары қарай