Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қарағанды мектебінде Мартбек Мамраев мұражайы ашылды

2020 жылдың 12 наурыз 2020 19:04

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының №68 мектеп-интернатында Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамраевтың мұражайы ашылды. Ол ғылым, білім және мәдени орталыққа айналмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашылу салтанатына Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары, ғалымдар мен студенттер қатысты.

Мұражай мынадай секциялардан тұрады: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды», «Қаһармандардың есімі әрқашан жадымызда», «Батылдық жеңіске әкеледі».




Онда «Қазақстан және Ұлы Отан соғысы», «Отанының батыл ұлы», «Батырдың жауынгерлік жолы (картасы)», «Днепр шайқасы», «Соңғы күннің белгісі», «Қарағанды облысынан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары», «Жеке құжаттар», «Батырдың өмірбаяны», «Әлемдегі батыр» мұрағаттық құжаттардың стендтері мен көшірмелері ұсынылған.




Экспозицияға сол уақыттағы құжаттардың фотосуреттері мен көшірмелері ғана емес, сонымен қатар Мартбек Мамраев қолданған киім-кешек пен ыдыстар кіреді.

«Мұражайда батырдың мүсіні бар. Бюст авторы Амангелді Серіков. Сондай-ақ, диорама қойылған, оның сюжеті 1943 жылдың қыркүйек айында Днепр өткелінде болған оқиғаны баяндайды. Оны мұражайға Қарағанды гуманитарлық колледжінің дизайн маманы Мәншүк Біләлова сыйға тартты», - дейді мұражайды құруға бастамашы болғандардың бірі Алмагүл Божбанова.




Естеріңізге сала кетейік, Мартбек Мамраев 1908 жылы Қарқаралы ауданы Ақжол ауылында дүниеге келген. Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан.

Ал Кеңес Одағының Батыры атағын 1944 жылы Днепрден өту кезінде көрсеткен әскери ерлігі үшін алды.

Мартбек Мамраевтың аты Қарқаралы ауданындағы ауылға берілген, сондай-ақ Қарағандыдағы шағынаудан батыр есімімен аталады












Жоғары қарай