Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды мектебінде ер адам мұғалімді ұрған

2021 жылдың 16 қазан 2021 15:26

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Белгісіз ер адам Қарағандыдағы мектеп-интернатқа кіріп, сабақ үстінде балалардың көзінше мұғалімді ұрып-соққан. Бұл оқиғаға Қарағанды облысының ПД түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Instagram-дағы танымал парақшалардың бірінде анонимді хабарлама жарияланды. Жазбада құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатта оқитын бір оқушының ата-анасы оқу ордасына белгісіз бір ер адам кіріп, балалардың көзінше мұғалімді ұрып-соқғаны туралы жазылған.

Бұл жайтқа полиция түсінік берді

«Полиция 14 қазанда №3 мектеп-интернатта осыған ұқсас оқиға болғанын анықтады. 25 жастағы ер адам осы оқу орнында мұғалім болып жұмыс істейтін әйелімен жанжалдасқаны белгілі болды. Ерлі-зайыптылар арасындағы әңгіме балалар болмаған кезде болды. Сондай-ақ, жанжал шығарған ер адамның радикалды діни ұйымға қатысы жоқ екені анықталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөлімінде тіркелген. Сондай-ақ аталмыш жайтты Қарағанды облысының білім басқармасы да тексеріп жатыр. Мән-жайды анықтаған соң, шешім қабылданады», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай