Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағанды қаласында екі күн ішінде 60-тан астам зейнеткер ревакцина салдырды

2022 жылдың 17 қаңтар 2022 11:23

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлерін қайта вакцинациялау басталды. Американдық Pfizer препаратының немесе отандық QazVac вакцинасының үшінші, үдеткіш дозасын тіркелген жердегі емханадан алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Pfizer препараты 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді (жүктіліктің 16-30 аптасы) және баласы екі жасқа толған емізетін аналарды вакцинациялау үшін қолданылады. Ревакцинация үшін ол медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдар үшін қолданылады», – дейді қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының директоры Татьяна Баширова.

Екі тәулік ішінде вакцинация орталығында 60-тан астам зейнеткер үшінші рет егілді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі күні өңірлерде вакцинациялау үшін «Спутник V», QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер үшін) қолжетімді екенін хабарлайды. Ревакцинация үшін - QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (60 жастан асқан адамдарға), сондай-ақ қаңтар айының соңында «Спутник Лайт» вакцинасы қолжетімді болады.



Жоғары қарай