Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Қарағанды - Алматы» тасжолы қашан пайдалануға беріледі

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 19:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қарағанды-Алматы» тасжолын пайдалануға беру мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды-Алматы» тасжолының бітуін жұртшылық асыға күтіп отыр. Себебі аталған бағыт еліміздің солтүстігімен оңтүстігін жалғайтын дәліз. Бүгінде жол салу жұмысы қызу жүріп жатыр. Тасжолдың жалпы ұзындығы 946 шақырымды құрайды және ол 3 учаскеден тұрады. Бірінші «Қарағанды-Балқаш» оның ұзындығы шамамен 363 шақырымды құрайды, екінші «Балқаш - Бурылбайтал» учаскесі ол 546 шақырым және «Бурылбайтал-Алматы» учаскесі 67 шақырымдық жол», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, аталған тасжол І дәрежелі санатқа жатады және ол 4 жолақтан тұрады.

«Жол бойы толықтай инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. «Қарағанды- Алматы» тасжолын 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында елдегі тұрғын үй мәселесін шешудің жаңа механизмі қаралып жатқаны айтылды.


Жоғары қарай