Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды әкімдігіндегі жұмысшының өлімі: Сот үкімі жарияланды

2021 жылдың 25 қазан 2021 18:49

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласы әкімдігінің шаруашылық бөлімінің басшысы екі жылға сотталды. Ол әкімдік ғимаратының төртінші қабаттағы терезесінен құлап кеткен жұмысшының өліміне кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға биылғы 19 сәуірде болған еді. Қарағанды қаласы әкімдігінің төртінші қабатында слесарь жөндеу жұмыстарын бастамақшы болған. Ол алдымен қауіпсіздік белбеуін тағып, терезенің алдына шыға бергенде, аяғы тайып кеткен. Алайда жұмыскердің қауіпсіздік белбеуі үзіліп кетіп, ол жерге құлаған. Алған жарақатынан қаза болды.

Осы іс бойынша Қазыбек би аудандық соты жұмысшыға сапасыз сақтандыру тросын бергені үшін қалалық әкімдіктің шаруашылық бөлім меңгерушісін кінәлі деп тапты.

«Қылмыстық іс сотқа процессуалдық келісіммен келіп түсті. Сотталушыға ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу» бойынша айып тағылды. Оған 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - деп хабарлады Қазыбек би аудандық сотынан.


Жоғары қарай