Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қар, жаңбыр: 29 қазан күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 28 қазан 2020 23:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 қазан күні Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Республиканың тек батысы мен оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. желдің күші 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Жамбыл облысының жекелеген аумағында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл күшейеді.

Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай