Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қар, жаңбыр: 20 қазан күнгі ауа райы болжамы

2021 жылдың 20 қазан 2021 03:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 қазан күні еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік аумақтарында ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайтын болады. Соған байланысты жаңбыр күтіледі. Батыста жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Республиканың тек шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Сондай-ақ елдің батысында және шығысында тұман болжанады, оңтүстік-шығыста, оңтүстік пен батыста екпінді жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батыста желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с артып, түнде батыста және оңтүстікте тұман қалыңдай түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с артады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Алматы облысының Алакөл ауданында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, күндіз Қостанай облысының батысында, таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с артады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай