Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

«КаР-Тел» бірқатар интернет-ресурсқа кіруге іркілістің себебі айтты

2019 жылдың 3 наурыз 2019 14:52

АСТАНА. ҚазАқпарат - "КаР-Тел" ЖШС бірқатар интернет-ресурсқа кіруге іркілістің себебіне түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған компанияға сілтеме жасап.

Түсініктеме А.Шиннің мемлекеттік органдардың ресми жауабына сүйене отырып берген өтінішінен кейін жария етілген.

"КаР-Тел" ЖШС Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ашық дерекөздеріндегі қолжетімді жауабына қате түсініктеме бергендігін мойындайды. ҚР АКМ жауабы сот шешімімен тыйым салынған нақты контентті әлеуметтік желі әкімшілігіне жүгіну жолы арқылы жою бойынша заңды жұмыстарды реттеуші органмен жүргізілуін қарастырады. Аталған жауапта интернет-ресурстарды бұғаттау туралы шараларды қабылдау жайында сөз болған жоқ. Осыған орай компания аталған шараға пікір білдіре алмайды, сонымен қатар оларды қолданылуы туралы қорытынды шығармайды", - делінген компания хабарламасында.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Интернет,
Жоғары қарай