Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қапшағайда карантин кезінде жұмыс істеген казино иесі 1 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді

2021 жылдың 13 қаңтар 2021 21:50

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Қапшағай қаласының полиция қызметкерлері коонавирустың тарауының алдын алу мақсатында енгізілген карантин шектеулеріне қармастан заңсыз жұмыс істеген казиноның жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бас санитарлық дәрігердің қаулы талптарына сәйкес, елде казинолардың барлығының жұмысына тыйым салынған. Алайда, қалада бір казиноның құпия жағдайда жұмыс істегені анықталды. Біз келген кезде казинода 60 адам отырды. Аталған факті бойынша жиналған фото, видеоматериалдар шара қабылдау үшін тиісті органға жіберілді»-деді Қапшағай қалалық полиция бөлімінің өкілдері.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін казино иесі 900 мың теңгеден астам айыппұл төлейді.


Жоғары қарай