Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қапшағайда бір келіден астам гашиш саудалағандар ұсталды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 16:53

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай қаласында есірткі тасымалдаумен және оны сақтаумен байланысты кезекті қылмыс әшкере болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Hyundai» маркалы автокөлігінде белгісіз тұлғалар ірі көлемде есірткі алып бара жатқаны және оны одан әрі сату жоспарланғаны туралы жедел ақпарат алды. Есірткі тасымалдаушыларды қолға түсіру шарасы Қапшағайдың саяжай кешендерінің бірінде іске асырылды.

– Жедел-арнайы шара кезінде біздің қызметкерлер «Hyundai» автокөлігін ұстады, оның ішінде екі ер адам болған. Тінту жүргізу кезінде көліктің жүксалғыш бөлігінде тәртіп сақшылары куәгерлердің қатысуымен ұнтақ түріндегі есірткі заты бар полиэтилен пакетті тәркіледі, – деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Данияр Мендебаев.

Жеке тексеру кезінде күдіктілерден есірткі өнімі салынған полиэтиленді пакет табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген өнімнің жалпы салмағы 1 келі 10 грамм болды.



Жоғары қарай