Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қапшағайда 13 жастағы оқушы балконда асылып қалды

2021 жылдың 22 қазан 2021 11:45

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағайда көпқабатты пәтерлердің бірінің балконында асылып тұрған баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 қазан күні сағат 07:30 шамасында Қапшағай қалалық полициясының кезекші бөліміне балконда баланың асылып тұрғаны жөнінде хабарлама түсті. Қайтыс болған баланың 13 жастағы жасөспірім екені анықталды. Тергеу тобы оқиғаны растады. Қазір сотқа дейінгі іс тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді», делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомсвтоның ақпаратына сәйкес, өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.

Жоғары қарай