Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Қапшағай жолында автожарыс ұйымдастырған екі азамат ұсталды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 20:47

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Қапшағайдың жолында автожарыс ұйымдастырған екі азамат ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қапшағай қалалық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері жергілікті Instagram пабликтеріндегі жарияланымдарға талдау жасады. Олардың біріндегі бейнеде автожарыс бастамашылары бірінің жазылушыларды тарту мақсатында елімізде енгізілген төтенше жағдай режимін сақтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, сондай-ақ бірқатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандығы байқалды.

«Оқиға ағымдағы жылдың 24 наурызында сағат 23.30 шамасында Алматы-Қапшағай тас жолында «БМВ» маркалы екі автокөлік құралдарының қатысуымен орын алған. Көлік жүргізушілері өзара «темір тұлпарларымен» жарысқан. Қазіргі уақытта азаматтардың жеке тұлғалары анықталды, олар Қапшағай қаласының тұрғындары болып шықты.

Аталған дерек бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы бірнеше хаттама толтырылды, атап айтқанда ҚР ӘҚБК 476 бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу», 597-бабының 3-бөлігі» басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу» бойынша», - деді Қапшағай ҚПБ бастығы полиция майоры Манат Айтмұханбетов.

Ұсталғандар жарыстарының дұрыс әрекет емес екендігін мойындады. Әкімшілік іс жүргізу шешімін қабылдау үшін іс жақын арада сотқа жіберілетін болады.

«Біздің міндетіміз - қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әсіресе елдегі ерекше және төтенше жағдай кезінде. Қазіргі уақытта біз барлық интернет ресурстарда орналастырылған барлық жарияланымдарға мұқият талдау жүргіземіз. Белгіленген талаптарға қайшы келетін материалдар бойынша заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қолданылуда»,- деп толықтырды майор Айтмұханбетов.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Көлік, Заң, Алматы облысы,
Жоғары қарай