Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қапшағай су қоймасында жағадан 8 шақырымға алыстаған екі адам құтқарылды

2020 жылдың 28 мамыр 2020 15:14

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай су қоймасынан 25 және 27 жастағы екі азамат құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 27 мамырында сағат 22:38-де Алматы облысының ТЖД-не Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында қайыққа мінген екі адамның желдің күшімен жағадан алыстап кеткендігі туралы хабарлама түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген сәтте қатты жел соғып, құтқарушыларға ауа-райы қолайсыздық туғызған.

Су қоймасында жоғалғандар жағадан сегіз шақырым жерден табылды және қауіпсіз жерге жеткізілді.

Құтқарылғандар 1995, 1997 жылы дүниеге келген Қапшағай қаласының тұрғындары. Олар сол сәтте достарымен демалыста болған.

Көмек туралы белгі олардың таныстарынан келіп түсті, - делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство өкілдері азаматтарды сақ болуға және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Суға шығар алдында ауа райын біліп, сондай-ақ құтқару кеудешелерін киюді еске салады.


Жоғары қарай