Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қапшағай су қоймасында алты адам құтқарылды

2020 жылдың 15 тамыз 2020 17:25

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының құтқарушылары Қапшағай су қоймасында алты адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құтқарушылардың хабарлауынша, 15 тамызда түнгі сағат 02:05-те Алматы облыстық ТЖД-ға Қапшағай су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауында моторлы қайықта алты адамның қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Құтқарушылар дереу оқиға орнына шықты. Анықталғандай, демалып жүрген алты адам 9-орындық пластик моторлы қайықпен жүзіп шыққан. Алайда, олардың қайығы су қоймасының ортасында істен шығып кеткен.

Қайықтағы адамдардың құтқару кеудешесі болмаған. 32 жастағы үш ер адам мен үш әйел (екеуі – 1999 жылғы, біреуі – 2000 жылғы) құтқарылып, жағаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген хабарламада.



Жоғары қарай