Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қапшағай су қоймасынан пневмония таяқшалары табылды деген ақпарат жалған - әкімдік

2020 жылдың 15 шілде 2020 12:41

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай су қоймасынан пневмония таяқшалары табылды деген ақпаратты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

««WhatsApp» желісінде «Санитар эпидемиологтар Қапшағай су қоймаларынан: бассейндер, субұрқақтар және бөгендерден анализ алды. Барлығында пневмония таяқшалары табылған...» деген аудиожазба тарады.

Бұл хабарлама – фейк (расталмаған, жалған ақпарат).

«Қапшағай қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет Қапшағай су қоймасынан коронавирус инфекциясын қоздыратын заттардың бар-жоғын анықтау үшін суды талдауға алмағанын хабарлайды. Коронавирусты анықтау үшін инфекция жұқтыруы мүмкін деген күдікті азаматтардың және профилактикалық мақсатта адамдардың мұрнынан биологиялық материал (анализ) алынады. Сондай-ақ Қапшағай қалалық басқармасы аймақтағы су қоймаларынан жыл сайын мамыр-қыркүйек аралығында тырысқақ вибрионы, А вирустық гепатиті, энтеровирус анықтау үшін талдау алады», - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Жоғары қарай