Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қаңтардағы қайғылы оқиғаларға байланысты мектепте оқу жылы созылуы мүмкін бе

2022 жылдың 17 қаңтар 2022 15:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі төтенше жағдайға байланысты мектепте ІІІ тоқсан әдеттегіден бір апта кеш басталды. Осы орайда оқушылар үшін биылғы оқу жылы созылуы мүмкін бе? Аталған мәселеге қатысты ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова ойын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік оқушылар үшін үшінші тоқсанды 17 қаңтардан бастау туралы шешім қабылдады. Одан әрі оқу процесі елдегі және әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Уақыт көрсетеді. Әзірге оқу жылының созылуына қатысты нақты жауап айтуға ерте. Егер оқу күнтізбесіне қатысты өзгерістер болса немесе қосымша шешім қабылданса, міндетті түрде хабарлайтын боламыз», - деді Гүлмира Каримова ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, оқушылардың коронавирус індетін жұқтыруға қатысты талдау жұмысы күнделікті жүріп жатыр.

Айта кетейік, еліміздің 3 қаласында оқушылар үшінші тоқсан бойы онлайн форматта оқиды.

Сондай-ақ, орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елдегі жаппай ереуіл кезінде қызмет барысында қаза тапқандардың балаларына мемлекеттік грант бөлінетіні айтылды.



Жоғары қарай