Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қанша мұғалім мен күш құрылымдардың қызметкеріне вакцина салынғаны белгілі болды

2021 жылдың 3 наурыз 2021 18:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова елімізде қанша мұғалім мен күш құрылымдардың қызметкеріне КВИ-ге қарсы вакцина салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлерге вакцинаның екінші партиясын жеткізу жүріп жатқанына тоқталған ол, жалпы медицина қызметкерлерін вакциналау жалғасып жатқанын айтты.

«Педагогтарды вакциналау да басталды. Бүгін таңертеңгі жағдай бойынша 458 педагогқа екпе жасалды», - деді Айжан Есмағамбетова.

Бұдан бөлек қазіргі кезде ол күш құрылымдарының 275 қызметкеріне вакцина жасалғанын нақтылады.

«Күш құрылымдардың арасында вакцинадан бас тарту оқиғалары тіркелмеді», - деді комитет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, брифинг барысында Қазақстанда салынатын медициналық нысандар туралы айтылды.

5 жылда 487-ден астам жаңа МСАК объектілері салынады және осы 2021 жылы 211 нысанның құрылысы жоспарлануда, оның ішінде 83 медициналық пункт, 70 фельдшерлік-акушерлік пункт, 57 дәрігерлік амбулатория және 1 емхана қамтылады.


Жоғары қарай