Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Каникулда мұғалімдерді мектепке шақырған директорлар жазаланды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 09:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елде жарияланған төтенше жағдай кезінде және көктемгі демалыс уақытында мұғалімдерді мектепке жұмысқа шақырған директорлар жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«COVID-19 инфекциясының таралуын алдын алу шараларын күшейту мақсатында қабылданған ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 16 наурыздан бастап еліміздегі барлық педагогтер көктемгі демалыс уақытында қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Алайда, кейбір мектеп басшылары мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген. Бұйрықты бұзу фактілері негізінен Түркістан және Алматы облыстарында анықталды. Ұстаздарды жұмысқа шақыртқан мектеп басшыларына тәртіптік жаза қолданылды», - деді министрліктен.

ҚР БҒМ-нан атап өткендей, көктемгі каникул кезінде мұғалімдер әдістемелік және алдағы оқу процесіне дайындықты қашықтан атқара алады. Бұл ретте, олардың жалақысы толық көлемде сақталады.

«Яғни үйден жұмыс істеу ұстаздардың айлығына әсер етпейді», - деді ведомстводан.


Жоғары қарай