Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

«Канелоның» промоутері Головкинмен болатын үшінші жекпе-жектің басты шартын айтты

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 12:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канелло» Альварестің мүддесін жақтаушы промоутер Оскар де ла Хойя мексикандықтың IBF және IBO белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен болатын үшінші жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Оскардың сөзіне қарағанда, үшінші айқастың тағдыры Альварестің қалауына байланысты:

— Әрине, халықтың осы айқасты көргісі келетіні сөзсіз, бірақ шешімді «Канело» қабылдайды. Жақында біз кіммен жекпе-жекке шығатынымызды шешеміз, — деді Golden Boy Promotions басшысы ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

«Канелоның» рингке оралуы 2 мамырға жоспарланып отыр, бірақ қарсыласы әлі анықталған жоқ. Ал Головкиннің келесі жекпе-жегі 28 наурызда Чикагода өтеді, қарсыласы - польшалық Камил Шеремета.


Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай