Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Канелоның» Головкинмен үшінші айқасы алдындағы  қарсыласы белгілі болды

2020 жылдың 10 шілде 2020 02:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) 12 қыркүйекте рингке оралмақ ниетте, деп хабарлайды sports.kz.

ESPN Deportes ақпаратына қарағанда, мексикалықтың командасы өздеріне екі қарсыласты белгілеп отыр. Олардың алғашқысы— украиндық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО), ал екіншісі - WBA Super нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы Каллум Смит (27-0, 19 КО).

Таяуда Деревянченконың бапкері Андре Розье, оған кіммен айқасса да, мейлі Альварес немесе Джермалл Чарло бәрі бір (33-1, 17 КО), деп мәлімдеген еді.

Деревянченко да 12 қыркүйектегі кездесуге дайындықты бастап кетті.

Айта кетсек, 2021 жылы «Канелоның» қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқасы күтіліп отыр.



Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай