Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Канело» жаттықтырушысы Головкинге үшінші жекпе-жек өткізетін орынды ұсынды

2021 жылдың 17 қараша 2021 11:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауль Альварестің жаттықтырушысы әрі менеджері Эдди Рейносо «Канело» мен Геннадий Головкин арасындағы жепе-жектер трилогиясының соңғы бөлігін қарамағындағы тәрбиеленушісінің отанында көргісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшылардың алдыңғы екі айқасы 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен. Бірінші жұдырықтасу тең аяқталса, екіншісінде төрешілердің басым бөлігінің шешімі бойынша Альварес жеңді.

«Мен «Канелоның» Головкинмен Мексикада – Мехико не Гвадалахарада айқасса екен деймін. Иә, мен үшінші жекпе-жектің Мексикада өткенін қалаймын. Біз GGG-мен тағы кездесетінімізге үміттенемін. Головкин алғашқы екі жекпе-жекте жеңіске жете алмады, енді желтоқсанда Риота Муратамен айқасады. Енді не болатынын көреміз. «Канело мен GGG арасындағы үшінші жекпе-жекті Мексикада өткізу оңайға соқпас, бірақ мен ұйымдастыра алатынымызға үміттімін», - деді Рейносо Мексика репортерлерімен әңгімелесу барысында.


Басты сөздер: Геннадий Головкин, Спорт,
Жоғары қарай