Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Канело Головкинмен айқасқа ниетті екенін мәлімдеді

2021 жылдың 7 қараша 2021 19:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес америкалық Калеб Плантты жеңгеннен кейін өз жоспарлары туралы айтып, қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz сайты Match.tv-ға сілтеме жасап.

– Мен үшін тағы төрт жекпе-жек - қалыпты. Үш-төрт айқас өткізуге дайынмын. Мен еркін агентпін, сондықтан үздік жекпе-жектерге қатысқым келеді, - деді Альварес.

Сондай-ақ «Канело» орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігін де бағалады.

- Мен Головкинмен жұдырықтасқым келеді. Егер ол супер орта салмаққа ауысуға дайын болса, мен де дайынмын. Әрқашан. Абсолютті чемпион болу оңай емес. Мықтылармен айқасуға әрқашан дайынмын, – деп қосты ол.

Саулдың Головкинмен 2017 жылдың қыркүйегіндегі алғашқы жекпе-жегі тең аяқталды. Тура бір жылдан кейін өткен қарымта кездесуде мексикалық төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жеңіске жетті.

Альварес Плантты 11-ші раундта жеңіп, супер орта салмақ тарихындағы алғашқы әлем чемпионы атанды.


Басты сөздер: Геннадий Головкин, Спорт,
Жоғары қарай