Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Қандастар үшін дайындық курсы ашылып, 1 мың грант бөлінді

2020 жылдың 10 қаңтар 2020 23:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019-2020 оқу жылында аталмыш курсқа мемлекет тарапынан этникалық қазақтар үшін 1000 орындық грант бөлінді. Сондай-ақ, шетелден келген қандастарымыз үшін арнайы дайындық курстары жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шетелдегі қазақтарды атамекенге шақырудың түрлі мүмкіндіктері бар. Соның бір жолы - жас қандастарымызды еліміздегі жоғарғы оқу орындарына тарту. Бұл арада біз негізінен Өзбекстан, Ресей, Иран, Моңғолия, Қытай елдеріне ерекше мән береміз. Өйткені, бұл елдердегі білім деңгейі біздікінен жоғары емес. Сондықтан оларды жеңілдіктер жасау арқылы өзімізге тартуға болады. «Отандастар қорының» қолдауымен шеттен келетін жастарға арнап дайындық курсы ашылды», - деп жазды «Отандастар қоры» АҚ бірінші вице-президенті Талғат Адуов өзінің Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, 2019-2020 оқу жылында аталмыш курсқа мемлекет тарапынан этникалық қазақтар үшін 1000 орындық грант бөлінді.

«Алайда, келген қандастарымыздың саны 1238-ге жетті. Грантпен қамтамасыз етілмей қалған жастар мәселесін Үкімет отырысына дейін көтеріп, білім және ғылым министрлігінің қолдауымен барлығын түгел тегін оқуға орналастырдық. Өз күшімен ЖОО-на шамамен 1500 жас, колледждерге 700-дей талапкер түсті. Жалпы Қазақстанға келіп білім алушы қандастарымыздың саны 20 мыңнан асты. Соның негізгі бөлігі көрші Өзбекстаннан келді. Олардың арасында Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығы белсенді жұмыс істеді. Биыл осы елден Қазақстанға оқуға түсуге келетін жастар санын тағы өсіру көзделіп отыр», - дейді ол.

Сондай-ақ, вице-президент көрші өзбек еліндегі қазақ мәдени орталығының өкілдерімен кездесіп, аталған мәселелерді талқыға салғанын алға тартты.


Автор Дәулет Ізтілеу
Басты сөздер: Қандастар,
Жоғары қарай