Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қанат Жантасов Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болды

2020 жылдың 15 сәуір 2020 18:45

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына Қанат Қашқынұлы Жантасов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық сотының төрағасы Е.Әдіқадыров сот ұжымына қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының жаңа төрағасы К.Жантасовты таныстырды.

Қ.Жантасов 1968 жылдың 16 шілдесінде Талдықорған облысы, Қоғалы ауылында дүниеге келген. Сот жүйесінде 2003 жылдан бері қызмет етуде. Өзінің қызметтік жолын 1985 жылы Шымыр ауылындағы «Победа» кеңшары 2 бөлімінің жұмысшысы болып бастаған. 1989-2003 жылдар аралығында Алматы облысының ішкі істер органдарында қызмет еткен.

2003 жылдан бастап 2006 жылға дейін Алматы облысының №2 Алакөл аудандық сотында судья болса, 2006 жылдан бастап Алматы облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.


Жоғары қарай