Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Канар аралдарында жанартау атқылай бастады

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 00:47

МАДРИД. ҚазАқпарат – Испанияның Пальма аралында (Канар аралдары автономды қауымдастығы) тербелісі төмен бірнеше жер сілкінісінен кейін жанартау оянды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Жанартау атқылады. Осы ауданнан қашықтау жүріңіздер. Биліктің нұсқауларын орындаңыздар», - деп жазды өңірлік төтенше жағдайлар қызметі Twitter-дегі парақшасында.

Эль-Пасо кентінің маңында жанартау атқылай бастады, онда белсенді Кумбре-Вьеха жанартаулар тізбегі орналасқан. EFE агентігінің хабарлауынша, кратерден вулкан атқылап жатыр.

Жергіліктің биліктің мәлімдеуінше, аралдағы жүріп-тұруы қиын тұрғындарды эвакуациялау басталған. Сондай-ақ, бірнеше тасжолда көлік жүрісі тоқтатылды.

Канар аралдарының вулканология институты бұдан бұрын аралда сейсмика белсенділігі күшейіп келе жатқандықтан апаттың жақындап қалғаны жөнінде ескерту жасаған еді. Ең күшті жер сілкінісінің тербелісі 4,2 болды.

Айта кетерлігі, Пальма аралында соңғы рет 1971 жылы жанартау атқылаған.



ФОТО / REUTERS


Перевод Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай