Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Канадада қарлы боран салдарынан 20 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

2020 жылдың 19 қаңтар 2020 10:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канаданың Ньюфаундленд аралында күшті қарлы бораннан зардап шеккен 20 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.Бұл туралы ҚазАқпарат CTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық метеобюроның мәліметінше, кешеден бері тіпті кей жерлерде қалыңдығы 70 сантиметрден астам қар жауған. Мұнда дауылды желдің ұйытқуы – 42 м/с.

Ньюфаундленд аралының ірі қаласы Сент-Джонс шаһарының билігі төтенше жағдай енгізгені туралы хабарлады. Барлық мемлекеттік мекемелер, банктер, кеңселер мен дүкендер жабық, көшелерде тек арнайы көліктерге рұқсат етілген. Ауа-райының қолайсыздығы ондаған рейстердің тоқтатылуына және кейінге қалдырылуына себеп болды.


Фото: news.milli.az

Басты сөздер: Әлем, Ауа райы,
Жоғары қарай