Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қамаудағы 30 адамның өздерін зақымдағаны жалған - ҚР ІІМ

2018 жылдың 3 шілде 2018 13:34

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қарағандының тергеу изоляторында денеге зақым келтіру фактілері болғанын теріске шығарды. Айта кетейік, мұндай мәлімет әлеуметтік желіде тараған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың 3 шілдесінде әлеуметтік желіде АК-159/1 мекемесінде 30 сотталушы өздерінің қарындарын жарды деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі ресми түрде мұндай мәліметтің шындыққа жанаспайтындығын мәлімдейді», - делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Дегенмен, атап өтілгендей, бір сотталушы ішкі тәртіп ережелеріне мойынсұнғысы келмей, шегемен қасақана денесіне жарақат салған. Оған Қарағандының мемлекеттік мекемелерінің бірінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

2 шілде күні тергеу абақтысына облыстық қоғамдық-бақылау комиссиясының мүшелері барып, камераларды аралап көрген. Сонымен қатар күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Мекемеде ұстау жағдайына шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.

«АК-159/1 мекемесінде ахуал тұрақты және бақылауға алынған», - деп атап өтеді ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметінен.

Жоғары қарай