Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Камалжан Надыров коронавирус жұқтырған жүкті әйелдердің күтімі туралы айтты

2020 жылдың 22 шілде 2020 17:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы барлық перзентхана COVID-19 күреске дайын. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әсіресе пандемия кезінде барлық әйелге қауіпсіз босану, босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі күтім қолжетімді болуы маңызды», - деді спикерөңірлік коммуникация қызметі өткен онлайн-брифинг барысында .

Басқарма басшысы қаладағы барлық перзентханада коронавирус инфекциясы анықталған жүкті әйелдерді қабылдайтын бөлім бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, №4 перзентханаға 105 төсек орны қосылады.

«Сондықтан, диагнозы расталған болса да, болашақ аналар алаңдамауы керек. Барлық перзентхана инфекцияны бақылаудың қатаң талаптарын сақтайды»,- деді ол.


Жоғары қарай