Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Калифорнияда өрт өршіп барады: мыңдаған адам үйлерін тастауға мәжбүр болды

2021 жылдың 5 тамыз 2021 20:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Калифорнияда тез тарап жатқан өрт салдарынан Плейсер және Невада округтерінде мыңдаған адамдарды эвакуациялап жатыр, 600 гектар жер отқа оранған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Плейсер округінде кем дегенде 2 400 адам үйін тастауға мәжбүр болған, Невада округінде тағы 4 200 адам эвакуацияланған.

Екі округте де эвакуация орталығы жасақталды.

Плейсер мен Невадада 1 400 акр (566 гектар) жер күйіп кеткен. Диксиде 160 шақырымға жуық жердегі өрт жалғасуда. Ондағы жалын 278 мың акр жерді шарпыған. Өрт басталған кезден бергі үш апта ішінде аумақтың тек 35%-ында ғана тілсіз жау ауыздықталған.














Басты сөздер: Оқиға, АҚШ,
Жоғары қарай